«Үйренейік, ізденейік, жас маман!»
Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындары әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып, білімді, білікті, саналы азаматтар тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- дегенін барлығымыз білеміз. Ал, білім беру орталықтарындағы қосымша білім беру педагогы кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман баланы қалай тәрбиелейді? Теориялық білімін практика жүзінде іске асыра ала ма?- деген сұрақтар мазалайды. Бірақ білім беру орталықтарындағы жас мамандарға тәжірибелі қосымша білім беру педагогтары көмекке келеді. Мен, Тенисбаева Жұлдыз Еркебланқызы И.П.Шухов атындағы Преснов орта мектеп гимназиясында «қазақ тілі және әдебиет» пәні мұғалімі ретінде 2 жыл жұмыс істеп жатырмын. Мектебімізде әрбір оқу жылына жылдық жұмыс жоспары жасалады. Жоспарды жүзеге асыруға жеке тәлімгеріммен қоса мектеп ұжыма кол үшін береді. 2016 жылдың шілде айында «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде оқыту қурсын аяқтадым. Мектебімізде заманауи прогрессте мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай болу үшін білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын мұғалім болатындай жағдай жасалған.
Жас мамандар атынан мектепшілік іс шараларға, Жамбыл ауданының «тілдер және мәдениет дамыту » бөліміндегі байқауларға белсене қатысып отырамыз. Болашақта Жас мұғалімдердің үздіксіз білім берудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету және әр түрлі қиындық келтіретін мәселелері шешу амалдарын үйрену, қиындықтардан өте білуге, озық тәжірибелермен танысып, жаңа технологияны үйреніп, практикада қолдана алуға тырысамыз. Шығармашылық ізденісті одан әрі жетілдіру мектебіміздіздің жас мамандарының негізгі мақсатының бірі болып табылады.